2010 жылдың 10 мамырында «Жас ғалымдар
альянсы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен «Жазғы тынығу лагерлерінде
оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жолдары» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы
өтеді.
Мақсаты:
- «Ұлағат
ұландары» ЖҚБ – ның он жылдық мерейтойына сәйкес ұйымдастырылып отырған бұл іс
– шарада қазақ халқының этно мәдени ойындарын жаңғырту арқылы жастарға патриоттық
тәрбие бере отырып, рухани қадір қасиетін ұлттық сипатта қалыптастыру;
- Жазғы тынығу лагерлерін ұйымдастырудағы шет
елдік тәжірбиелерді қолдану арқылы Қазақстан лагерінде қолданылатын өзіндік
жаңалық енгізу.
Өтілу
барысы:
«Жазғы тынығу лагерлерінде
оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жолдары» атты тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік
конференциясының өтілу барысы екі секция бойынша жүреді. Олар:
Бірінші секция
тақырыбы:«Этно ойындар»;
Екіншісекция тақырыбы:«Жазғы
тынығу лагерлерін ұйымдастырудағы шет елдік
тәжірбиелерді қолдану».
Конференцияның өткізу Ережесі
1. Ғылыми-әдістемелік конференцияның
өткізу мерзімі: 10.05.2010 ж.
1) Секциялардың жұмыс істеуі:9:00 –
12:00
2) Пленарлық мәжіліс:15:00 – 17:00
2. Конференцияның қорытындысы
бойынша марапаттауды аталған ұйымдастырушы бірлестіктер жүзеге асырады. Ұйымдастыру
комитеті конференцияның ең үздік материалдарын басып шығаруды жоспарлап отыр.
Материалдар
электрондық түрде "Конференция” деген белгісімен ulagat@nur.kzE-mail бойынша қабылданады.
3. Материалдарлы рәсемдеу ережесі.
Баяндама мәтіні (А4 форматындағы 3-5 бет
көлемінде, бет нөмірленбеуі қажет), Microsoft office Word 97 (XP,2000,2003)
редакторында, Times New Roman Kz, Times
New Roman – (жол аралық интервал -1, қаріп өлшемі -12 барлық жолдар -2 мм) әріп таңбасымен ені бойынша түзетілген және
қойылған автоматты тасымалмен жазылуы тиіс. Азат жолдың қалдырылуы стандарты – 1,27 см. Баяндамада
автордың аты жөні, жұмыс орны және байланыс көзі жазылуы керек. Баяндама
тақырыбы және автор туралы ақпараттан кейін жұмысқа қысқаша қазақ тілінде және
орыс тілінде аннотация беріледі (Times
New Roman – 11 шрифтпен жазылады). Баяндама 2 – қосымшадағы үлгі бойынша
толтырылады. Суреттер мен графикалар мәтінге объект түрінде қойылуы қажет.
Электрондық поштамен жіберілетін файл аты ағылшын қаріптерімен автор фамилиясы
жазылу тиіс. (Мысалы:Asanov.doc)
Баяндамаларды (мақалаларды) және тіркеу формаларын
тапсыру уақыты 2010 жылдың 1-шімамырына
дейін. Баяндаманың соңғы парағына тіркеу үлгісі (қосымша 1) тіркеледі.