"Сыр түлегі" газеті
Каталог статей
Меню сайта

Форма входа

Категории раздела
Мои статьи [621]

Поиск

Наш опрос
Какие отрасли науки нужно поднимать в РК?

[ Результаты · Архив опросов ]

Всего ответов: 93

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Барлық онлайн: 1
    Қонақтар: 1
    Тіркелгендер: 0

    Приветствую Вас, Гость · RSS 2024-05-02, 4:02 PM

    Главная » Статьи » Мои статьи

    Macromedia Flash
    MACROMEDIA FLASHжалпы түсініктеме

    Flash технологиясы Shockwave Flash (SWF) форматында қолданылатын векторлық графикаға негізделген. SWF құрушылары, графиканың тамаша мүмкіндіктерімен, олармен жұмыс жасайтын құрал жабдықтарды, (шыққан нәтижені WEB-бетке қоса алатын механизмді тиімді пайдалана отырып, үйлесімді өнім таба алды. SWF-тың тағы бір ұтып тұрғаны, бұл форматты кез келген платформада қолдануға болады. (яғни, MacOS операциялық жүйесімен басқарылатын Macintosh компьютерлері мен Windows ОЖ бар IBM компьютерлері). SWF –да құрылған бейнелерге анимация ғана қолданып қоймай оларды интерактивті элементтермен және дыбыспен де әрлеуге болады.
    Осындай қосымша қасиеттерінің арқасында SWF форматы тор әрлеушілерінің ризашылығына ие болып, қолданысқа кіріп кетті. Macromedia отбасында дүниеге келгеннен ақ, бұл форматқа Internet Explorer және Netscape Communicator тор броузерлеріне арналған компоненттері (Plug-In) жасалды. Ал бұл, SWF-тың бүкіләлемдік торда одан әрі атышулы болуына септігін тигізді. Нәтижесінде бұл броузер құрушылары SWF-ті қолдайтын компонентті өз өнімдерінің ядросына қосып қоятынын жария етті. Бұл бастаманы бағдарламалармен қамтамасыз ететін тағы да басқа өндірістер қолдап әкетті (мысалға, Adobe фирмасы).
    Macromedia фирмасы SWF форматын қолайлы құралдармен, қарапайымдылықпен жабдықтағандықтан, аталмыш формат өзінің табынушыларын бай. Негізінде, бұлай жабдықталған құралдар жетерлік.
    Олардың қайсыбірі мультимедиялық презентация жасауға бағытталса (Macromedia Director Shockwave Studio), келесі бірісі графикалық бейнелерді дайындауға бағыталған (Macromedia FreeHand и Macromedia Fireworks), ал үшіншілерімен интерактивті оқу курсын дайындауға болады. (Macromedia Authorware және Macromedia CourseBuilder). Дегенмен тор беттерін құрушылардың арасында Macromedia Flash көп қолданылады, өйткені тек осы өнім ғана, тор бетін аяғына дейін әрлей алады. Ал жақсы әрленген бет әрине көпшіліктің көңілінен шығады. Интернет пайдаланушылардың жақсы көретіндігінен болар, бұл өнімді жай ғана Flash деп атайды. Сонымен Flash технологиясының құрамына не кіреді соны көрейік:

    · Векторлық графика;
    · Анимацияның бірнеше түрін қолдайды;
    · Интерфейске интерактивті элементтер жасауға болады;
    · Импортталған графикалық форматтарды қолдайды (оның ішінде растрлық) ;
    · FLASH фильмдерін HTML форматына ғана емес, интернетте қолданылатын кез келген форматқа көшіруге болады;
    · Платформалық тәуелсіздік;
    · FLASH фильмдерді автономдық түрде де, тор броузерінде де көруге болады;
    Сөз етілген FLASH құрамын жеке-жеке талқылап өтелік.

    ГРАФИКА
    Қазіргі кезде тор беттерін әрлеуге көбінесе растрлық графика қолданылады. Оларға GIF (Graphics Interchange Format, ақпарат алмасуға арналған графикалық формат), JPEG (Join Photographic Experts Group – Біріккен бейне эксперттерінің тобы) және PNG (Portable Network Graphics – Жылжымалы графикалық формат) жатады.
    Растрлық графика нүктелер жиынтығы (пиксель – pixel) арқылы сипатталады. Бұл нүктелер бір бірімен байланыста болмағандықтан, олардың әрқайсысының түсі мен координатын анықтау керек. Жай ғана мысал, екі-ақ түсті (ақ қара) бейнені сипаттаған кезде, әр пиксельдің түсін беру үшін екілік санау жүйесін пайдаланады: 0 – қара, 1 – ақ.. Ал, 256 түсті бейнені сипаттаған кезде енді әр пиксельге 8-дік санау жүйесін қолданады (256=28). Суреттің сапасы жақсы болу үшін, әр пиксель үшін 24 разрядқа дейін қолданылады.
    Растрлық бейнелердің тағы бір кемшілігі - бейне сапасы, пайдаланып отырған монитор пиксельдерінің өлшеміне де байланысты. Яғни кей мониторларда суреттің сапасы әдемі болып тұрса, екінші жерде ол ондай қасиеттен айырылады. Сапасы нашар суреттердің пикселін көбейтуге арналған бағдарламалар болғанымен олар да бұл проблеманы толық шеше алмайды.
    Ал енді векторлық графика туралы сөз айтсақ.. Векторлық графика – орналасуын математикалық формулалар арқылы сипаттайтын қисықтар жиынтығынан туратын бейне. Мысалға, кез келген шеңберді бейнелеу үшін 3-4 сан ғана керек, радиус, центр координаттары, сызық қалыңдығы. Осыған байланысты, векторлық графика растрлық графикаға қарағанда бірнеше артықшылықтарға ие:
    · Математикалық формулалармен сипатталған суреттер, растрлық графикаға қарағанда жадыда аз орын алады.
    · Бейнені өзіміз қалаған кез келген масштабқа сапасын жоғалтпа й, өзгертуге болады.
    · Кез келген платформаға еш «қатесіз» көшіруге болды.
    Әрине, векторлық графиканың өзіне тән кемшіліктері болады, мысалға, реалға жақын суреттерді бейнелей алмаймыз. Мұндай мәселені шешімі, жан жақты қанағаттандыратын ортақ бір келісім керек. Мінекей, FLASH авторлары осы шешімді тиімді пайдаланды: тор бетін құру кезінде сіз тек қана векторлық емес растрлық бейнелерді де импорттауыңызға болады.

    АНИМАЦИЯ
    FLASH тағы анимация негізі объектінің қасиетін өзгерту болып табылады. Мысалға, объектілер көрініп немесе жоқ болып кетуі, өзінің тұрған орнын, көлемін, өлшемін, түсін, көріну деңгейін өзгертуі мүмкін т.б.
    FLASH та объектіні анимациялау механизмінің үш түрі бар.
    · Кадр бойынша(«классикалық») анимация, яғни автор әрбір кадрды өзі жасайды немесе басқа қосымшадан импорттап алып олардың көріну ретін анықтайды;
    · Автоматтық анимациялау (tweened анимация), яғни автор бірінші және соңғы кадрды ғана құрады, ал қалғанын FLASH автоматтық түрде құрады. tweened-анимацияның екі түрі бар, біріншісі анимация, объектінің қозғалысына негізделсе (motion animation), екіншісі анимация объектінің трансформациялануына (пішінін өзгерту) негізделген (shape animation);
    · Сценарийге негізделген анимация; сценарий – ActionScript деп аталатын FLASH тілінде жазылған әрекетті сипаттау. Бұл тіл синтаксисі көптеген тор шығармаларын жасауда қолданылатын басқа тілдердің синтаксисіне ұқсас келеді. (мысалға, JavaScript және VBScript).

    Бұл механизімдердің артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де болады. Tweened – анимацияның басқалардан бөліп тұратын екі артықшылығы бар:
    · Біріншіден, авторға енді әр кадрды жеке-жеке құрып отырудың енді қажеті жоқ.;
    · Екіншіден, мұндай FLASH «мультфильмін» ойнату үшін алғашқы және соңғы кадрларын сақтап алса болғаны, бұл фильм көлемін әрине кішкене етіп сақтауға септігін тигізеді.
    Бірақтан, tweened – анимация, объектінің қасиеттері бірдей өзгеретін тек қарапайым сюжеттерде ғана пайдалануға болады. Ал, ActionScript сценарийі арқылы объектіге күрделі қозғалыстар жасауға болады. Ол үшін, ActionScript тілін білу керек. Сонымен, егер өзіңіздің «мультфильміңізді» құрғыңыз келсе қай механизіммен жүзеге асыратыңызды таңдап алыңыз.
    FLASH анимациясының мүмкіндігін көргіңіз келсе Disney (www.disney.com) компаниясының торын тамашалаңыз. Ол жерде FLASH мүмкіншілігін кеңінен қолданған.
    Macromedia (www.macromedia.com) компаниясының торында арнайы «күн торы» (Site Of The Day) деген рубрикасы бар, ол жерден FLASH технологиясын жете пайдаланып отырған торларға сілтеме берілген.

    ИНТЕРАКТИВТІЛІГІ
    Flash арқылы интерактивті фильмдер құруға болады, ойнату барысында тор қонағы тышқан немесе пернетақта көмегімен фильмнің басқа фрагментіне өтіп кете алады, объектілерді қозғалта алады, және формаға ақпарат енгізе алады т.с.с. Flash фильмдердің интерактивтілігі ActionScript тілінде рет ретімен жазылған командалардың көмегімен, оқиғаға қатысты іске асады. Мысалы, мұндай оқиғаға, белгілі біл кадрға секіру саналады. Интерактивті объектіге батырмалар (мысалға, басқару тақтасының қызметін атқаруға жинақталса), фильм фрагменттері немесе жеке кадрлар. ActionScript –ке қатысты емес стандартты командалар бар, оларға фильмді ойнату, тоқтату, дыбысын қосу мен өшіру, берілген URL - ға өту сияқты оншақты стандартты командалар бар. Бұл тілде күрделі сценарийлер де құруға болады, бірақ ол үшін бағдарламалау тәжірибесі болу керек қолданушының.

    ДЫБЫС
    Flash дыбыстың фильмде қолдану үшін бірнеше жол ұсынады. Сіз, тоқтамай, сюжеттің мазмұнына қарамай, қолданушының әрекетіне жауап бермей ойнап тұра беретін дыбыспен жабдықтай аласыз. Ал проектіңіз одан әрі қызықты болу үшін әр батырманы басқанда дыбыс шығатындай етуге болады. Және тағы бір жолы, ActionScript сценарийлерін пайдалану. Flash та дыбыспен қамтамасыз етудің екі түрі бар оқиғалы басқару (event sound) және ағымды (stream sound).
    Оқиғалы басқару дыбыс кезінде берілгендер аяғына дейін жүктеліп болғаннан кейін ғана дыбыс оны тоқтатқанға дейін ойнатыла береді. Ал ағымдағы дыбыс үшін алғашқы кадрлар жүктелгеннен кейін ақ ойнату басталып кетеді.
    Дыбыспен жұмыс істеу оңай болу үшін, Flash авторларға келесі мүмкіншіліктерді ұсынады:
    · Дыбысты кітапханаларға бөліп қоюға болады, яғни енді бір кітапханадағы дыбысты бірнеше фильмдерде қолдануға болады.
    · Дыбысты, экспортталатын фильмнің сапасы мен көлеміне қарап, параметрлерін өзгертуге болады. Яғни автор, дыбыс сығу жолын өзі таңдай алады.

    FLASH ФИЛЬМДЕРІН ҚОЛДАНУ ТҮРЛЕРІ..
    Жоғарыда айтылғандай Flash - тің мақсаты, графика мен анимацияға толы интерактивті тор беттерін құру болып саналады. Жоғарыда айтып өткендей Flash ті тамашалау үшін екі түрлі жол бар, біріншісі WEB браузер арқылы, екіншісі Flash фильмді басқа форматқа ауыстыру арқылы.
    Flash арқылы фильмді құру және өзгерту кезінде автор, FLA форматындағы файлдармен жұмыс істейді. Бұл бағдарламау ортасының тек өзіне қатысты форматы, және бұл форматты басқа бағдарламалар «түсінбейді». Тор броузерлерінде фильмді көру үшін, SWF форматына экспорттау керек. Бұл форматты Internet Explorer, Netscape және Opera броузерлерінің соңғы нұсқалары қолдайды, немесе арнайы Flash-плеер арқылы ойнатуға болады. Бұл плеер, Flash редакторының құрамына кіреді. Flash фильмін ойнатудың екінші түрі Windows Media Player арқылы. Бұл үшін, Flash фильм AVI форматына экспортталуы керек. Бірақ, фильм көлемі он есе кейде 100 есеге дейін көбейіп кетеді. Экспорттау кезінде фильм өзінің сапасын жоғалтады, сондықтан бұл тиімсіз болып есептеледі. Flash фильмін көрудің тағы бір жолы, фильмді GIF форматына көшіру. Бұл экспорттаудың да екі түрі бар, біріншісі фильмін әрбір кадрын gif форматына өзгерту болса, екіншісі бірақ gif файлын құру.

    ТОР БЕТІН ҚҰРУ...
    Flash фильмін броузерде тамашалаудың екі жолы бар:
    · Фильмді SWF форматында сақтап, файлды тышқанның көмегімен броузер терезесіне апарып қоямыз;
    · Фильмді редакторда HTML форматқа экспорттауға болады.

    Flash – ті тор бетінде қолданудың бірнеше түрі бар:
    · «жай» анимация, бетті тартымды ету үшін;
    · Анимацияланған батырма, қолданушының іс-әрекетіне байланысты жұмыс атқарады. Оған гиперсілтеме жасап қоюға, немесе басқан уақытта белгілі бір іс-әрекетке бастама болатындай етуге болады;
    · Тор бетіне қолданушыдан ақпарат алу үшін қолданылады;
    · Жарнамалық баннер.

    FLASH ФИЛЬМІН ҚҰРУДЫҢ ЖАЛПЫ СХЕМАСЫ
    Flash пен жұмыс істеу кезінде көптеген терминдерді кездестіреміз, мысалға, тэг, атрибут, бет т.б. Сондықтан Flash ті түсіну үшін осы терминологиямен таныс болайық..

    ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
    Кез келген Flash фильмін құратын кезде объекті – бағытталған жолды қарастырамыз. Бұл дегеніміз, кез келген объект өзінше бір объект болып саналады, оның өзіне тән қасиеті және тек сол объектіге ғана қатысты болатын іс-әрекеттер болады. Мысалға, «текст» объектісі үшін, оның өлшемі, түсі, жазылу, көріну түрі болады. Оны көшіруге, өшіруге, қиуға, оларды гиперсілтемеге айналдыруға болады. Басқа объектілер туралы да дәл осылай айтуға болады. Объект деген түсініктеме, символ (Symbol) көп жағдайда терминімен сипатталады. Символ дегеніміз, объектінің, анықталған қасиеттері бар, шаблоны. Символ, символдар кітапханасында (Library) сақталып, бір фильмде бірнеше рет қолданыла алады. Әрбір символдың жаңа көшірмесі символ дарасы (Instance) деп аталады. Бұл дараның қасиетіне қолданылған өзгеріс кезінде, кітапханадағы басқа да даралардың қасиеті автоматты түрде өзгереді.
    Фильмде түрлі объектілер қолданылады. Әр элементтің іс-әрекетін сипаттау үшін, оларды әр қайсысын әр қабатқа (Layer) орналастырады. Flash құрушылары бұл қабатты түссіз қағазбен салыстырады. Осындай қағаздарды жинап сіз сахналық қойылым жасай аласыз. Қойылым (Scene) – Flash пен жұмыс істеуде кездесетін тағы бір термин. Әрбір қойылым қандай да бір анықталған қабаттар байланысынан тұрады. Жай фильмдер үшін, бір қабаттан тұратын жай ғана қойылымнан жасайды. Күрделі фильмдер әр түрлі дайындалған қойылымдардан тұрады. Бір қойылымнан екіншіге өту уақыт диаграммасын емес, басқа механизмді пайдаланды. Әйтпесе олар, орналасқан реті бойынша ойнала береді.Фильм егер көрік пен тартымды күрделі құрылымдармен ерекшелеу керек болса, ActionScript пайдаланылады.
    Күрделі фильмдерді құру кезінде клип (Clip, немесе Movie clip) өте маңызды орын алады. Клип – бұл символдың арна йы түрі. Бұл мини-фильмге арнайы уақыт диаграммасы құрылады, және жеке параметрлері қондырылады (мысалға, кадрлар алмасу жиілігі). Клипті, фильмін басқа да элементтері тәрізді, кітапханаға, тағы да қолдану үшін, қосып қоюға болады. Әрбір дарасы үшін, есім беруге болады.
    FLASH ФИЛЬМІН ҚҰРУДАҒЫ РЕТТІЛІК.
    Windows қа арналған бағдарламаның көбісінде, оны жүктеген уақытында, автоматты түрде, бос дайын шаблон терезесі ашылады. Мысалға Word процессорын жүктеген уақытта, бос документ ашылады, бұл жерге сіз мәтін, графика немесе сурет қоя аласыз. Flash та да, дал осылай ұйымдастырылған. Алғаш жүктеген уақытта, автоматты түрде, жаңа фильм құратын (дәлірек айтсақ алғашқы қойылымын жасау үшін) терезе ашылады. Егер керек болса, автор, фильмнің параметрлерін өзгерте алады.
    Жалпы параметрлерін қондырғаннан кейін фильмнің алғашқы қойылымын жасай беруге болады. Объектілердің орналасу тәртібін анықтап алғаннан кейін оларды рет ретімен әрбір жаңа қабатқа орналастыра беруге болады. Қабат параметрлерін өзгерту фильмді құрудағы ең бір жауапкершілікпен қарайтын бөлім. Фильмдегі қабаттар (яғни, объектілер) бір бірімен байланысып тұратындықтан, келесі бір қабатты сипаттағаннан кейін, алдындағы қабаттарды қайта жөндеу керек болады. Мұнын еш қиындығы және қорқыныштылығы жоқ., бұл Flash бағдарламасына таңсық емес. Жаңадан қойылатын объектті кітапханадан алуға болады немесе жаңадан құруға болады. Flash сізге ойыңызда тұрған бейнені экран бетіне салу үшін барлық құрал жабдықтармен қамтамасыз етеді. Бір бейненің объектілерін басқа суреттерден импорттап та алуға болады. Құрылған фильмді немесе жасап болып отырған іс әрекеттің жұмысын тексеру үшін, Flash тестіден өткізіп отыруға мүмкіндік береді. Әр жасалған өзгерістен кейін сақтап алып отыруды ұмытпаңыз.
    Фильммен жұмыс жасап болғаннан кейін, ойланыңыз сізге бұл фильм неге керек? Егер тор бетіне салу үшін болса, онда жүктелу уақытын ескеруді ұмытпаңыз. Бұл үшін арнайы уақытқа тестілейтін қосымшасы бар Flash бағдарламасының.

    Категория: Мои статьи | Добавил: kgu (2006-12-04) | Автор: Nurlan E W
    Просмотров: 4436 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Copyright MyCorp © 2024
    Создать бесплатный сайт с uCoz