"Сыр түлегі" газеті
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Наурыз 2007  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Архив записей

Наш опрос
Какие отрасли науки нужно поднимать в РК?

[ Результаты · Архив опросов ]

Всего ответов: 93

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Барлық онлайн: 1
    Қонақтар: 1
    Тіркелгендер: 0

    Приветствую Вас, Гость · RSS 2024-04-28, 2:22 PM

    Главная » 2007 » Наурыз » 29 » Шыны зауытының іргетасы қаланды
    4:03 PM
    Шыны зауытының іргетасы қаланды
    Таяуда Қызылордада көпшілік көптен күткен жағымды жаңалық – ағылшынның “Пилкингтон” компаниясы салатын шыны зауытының іргетасын қалау рәсімі өтті. Бұл оқиға Елбасының күні кеше ғана ел халқына арнаған “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты кезекті Жолдауында ерекше назар аударған “өңірлік және жаһандық экономикадағы өзіміздің жаңа рөлімізге сәйкес осы заманғы инфрақұрылымды дамыту” жөніндегі бесінші міндетін іс жүзіне асыруға кірісудің бірден-бір жарқын үлгісі болды. Мұны осының алдында облыс әкімдігінде “Пилкингтон” компаниясының вице-президенті Марк Лайонс, “Қазақстанның инвестициялық қоры” акционерлік қоғамының төрағасы Зейнолла Кәкімжанов, “Қазақстанның Даму банкі” акционерлік қоғамының президенті Асқар Сембин мырзалармен өткізген кездесуінде облыс басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед айрықша атап көрсетті. Кездесуде өңірдің орасан зор инвестициялық серпілістің қарсаңында тұрғанын тілге тиек еткен облыс әкімі таяу келешекте қолға алынғалы тұрған дамудың 12 түрлі ірі жобасының ішіндегі ең сүбелісі осы шыны зауытының құрылысы болғалы тұрғанын әңгімеледі.

    Осы күні түс ауа болашақтағы шыны зауыты орналасатын жерде кәсіпорынның алғашқы іргетасы құйылды. Осыған арналған салтанатты сәтте облыс басшысы мен қонақтар сөз алып, жобаның артық жақтарына тоқталды. Бұл зауыт келесі жылдың тамызында толық салынып бітіп, пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр. Әлемдегі әйнек өндіру ісіндегі ең озық технологиялардың бірі – флоат әдісімен табақ шыны жасап шығаратын зауыттың бірінші белесі осылайша наурыздың бірінші күні бедерден шықты. Жер шарында мұндай кәсіпорындардың саны да көп емес. Айталық, бүгінгі таңда Қытайда ондай өндірістің 11-і жұмыс істеп тұрса, Ресейде – 3, ал Қырғызстанда 1-еуі аталмыш өнімді шығарып жатыр. Осы күні Аспанасты елінің бір өзі ғана әлемдік көлемнің 34 пайызын тұтынуда. Біздің республика табақша шы­ныларды жоғарыда аталған елдермен қатар, Түркия, Беларусь сынды елдерден алып келеді. Ал жыл сайынғы тұтыным сұранысының мөлшері бізде 100 мың тоннадан асатын көрінеді. Олай болса, Қазақстанның әлемдегі шыны өндіруші елдердің біріне айналуы елді осы өнімді экспортқа шығара алатындардың қатарына қосқалы тұр. Облыстағы минералды ресурстарды игеру негізінде шыны өнімдерін дайындау, айналып келгенде, өңірдің индустриялық-инновациялық дамуының басты бағытының бірі болып табылады.

    Осы жерде айта кетуіміз керек, өңірде шыны зауытын салу салмағы ағылшынның “Пилкингтон” компаниясына тектен-тек беріле салған жоқ. Бұл орайда ең алдымен оның технологиялық және қаржылық мүмкіндіктері басты назарға ілікті. Сол сияқты осы саладағы әлемдегі беделі де қаперге алынды. Аталмыш компания қазір әлемнің 30 еліне өзінің өнімдерін жеткізеді. Соңғы жылдары ТМД елдерінің бірқатарында шыны зауытын салу ісін қолға алған. Соның бірі — Ресей байтағы түбіндегі Раменское қаласында жақын уақытта осындай зауытты салып бітірмекші. Әйнек өндіру ісінде әлемдік көлемнің 15 пайызын алатын ол бүгінгі таңда Жапонияның “Асахи” компаниясынан кейінгі екінші орында тұр. Бұған қоса, таяуда оның жапон­дық NSG шыны компаниясы екеуі біріккенін еске алсақ, өндіріс жағынан көп ұзамай ең алдыңғы орынға шығып қалуының мүмкін екенін айтар едік.

    Қызылордадағы шыны зауыты құрылысының құны 185 млн. 300 мың еуроны құрайды. Зауыттың жобамен алғандағы қуаттылығы жылына 180-200 мың тонна шыныға тең болмақ. Бұл қазақстандық рыноктың сұранысын толық ақтап, шетелдер­ге өнім шығаруға мүмкіндік береді. Зауыт негізінен Аралдың кварц құмы арқылы жұмыс жасайды. Сол өңірде мұндай шикізаттың 18 млн. тоннадан астам қоры бар. Ол табақша шыны өндірудің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Шыны зауытын салумен бір мезгілде осы кварц құмын байыту фабрикасының құрылысы да басталмақшы. Оның сметалық құны 17,2 млн. АҚШ долларына тең. Күні ертең осы екі кәсіпорын біткен кезде зауытта 1000-нан аса, ал фабрикада 300 адам жұмыс жасайды деп күтіліп отыр.

    Сол күні “Қазақстанның Даму банкінің” төрағасы Асқар Сембин мен “Пилкингтон KZ” біріккен кәсіпорны директорлар кеңесінің төрағасы Джулиан Бранс зауыт құрылысына қаржы бөлу туралы келісімге қол қойды. Осыған орай аталмыш банк 120 млн. еуро көлемінде қаржы бөлмекші. Мұның 70 пайызы несие, 50 пайызы лизинг түрінде берілмек. Ал несиенің қайтарылу мерзімі — 12 жыл.

    Просмотров: 2759 | Добавил: kgu
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Copyright MyCorp © 2024
    Создать бесплатный сайт с uCoz